19 Апр 2026, Вс

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Салтанатты іс-шараға «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, сондай-ақ TotalEnergies корпорациясының жаңартылатын энергия көздері бағыты бойынша вице-президенті Оливье Жуни бейнебайланыс режимінде қатысып, құттықтау сөз сөйледі.