Күн өткен сайын өзектілігі артқан мәселе, қоғамның дертіне айналған түйткіл. Тараз төрінде әйел мен баланың құқығын қорғауды ту еткен ауқымды жиын өтті. Жамбыл облысында алғаш рет ұйымдастырылған «Зорлық-зомбылықсыз жанұя» республикалық форумы мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділерінің басын қосты.

