Тіршіліктің тамыры – төрт түлікпен сабақтас ауыл үшін мал амандығы қашанда бірінші орында. Еңбек пен берекенің қайнар көзі саналатын шаруашылықтың өрісі кеңейіп, кәсібі дами түсуі үшін ветеринариялық қызметтің қолжетімді болуы аса маңызды. Осы орайда Меркі ауданы орталығынан 27 шақырым қашықтықта орналасқан Андас батыр ауылында жаңа мал дәрігерлік дәріхана ашылған болатын.

