25 Окт 2025, Сб

ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН IT ТРЕННИНГ ӨТТІ

Түркістан шаһарындағы Turkistan Hub алаңында «Women Tech» атты тағылымды іс-шара өтті. Бұл жиынның мұраты — IT саласында ізденіп жүрген, не осы бағытқа қызығушылығы бар нәзікжандыларды қолдау, олардың әлеуетін арттыру болды. Басқосуға өңірдің белсенді кәсіпкерлері мен білім, технология саласының майталмандары жиылды.