25 Окт 2025, Сб

ТҮРКІСТАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Түркістан қаласында Құтқарушылар күні аталып өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, төтенше жағдайлар саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шара барысында сала қызметкерлерінің еңбегі жоғары бағаланып, үздіктер марапатталды.