Түркістан қаласында туберкулезге қарсы қызметтің 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға еліміздің және шетелдің жетекші фтизиатр-дәрігерлері, ғалымдар мен медицина ұйымдарының өкілдері қатысты. Конференция барысында сала дамуының тарихи жолы мен өңір медицинасының жетістіктері таныстырылды, ұзақ жылғы еңбегімен ерекшеленген мамандар марапатталды.
