15 Ноя 2026, Вс

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ ЛАМИНАТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Qaz Natural Laminat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заманауи ламинат өндіретін зауыты пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жоба өңірдегі импортты алмастыру және өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытындағы маңызды қадам екенін атап өтті.