Түркістан қаласында жаңарған «Парасат» саябағы тұрғындар мен қонақтарға есігін айқара ашты. Қайта жаңғыртудан өткен демалыс орнының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жұртшылықты қуанышты сәтпен және келе жатқан Республика күнімен құттықтады.
