Тіл – ұлттың рухани өзегі ғана емес, ел ішіндегі татулық пен түсіністіктің де алтын көпірі. Жамбыл облысында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – достықтың дәнекері» атты облыстық фестиваль өтті. Мерекелік шараға тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен білім саласының мамандары қатысты. Басты мақсат – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, көпэтносты қоғамдағы өзара құрмет пен бірлікті нығайту.
Ақпараттық порталы

