ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТЫ ӨТКІЗБЕКШІ БОЛҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
1 min readҚылмыстық дерек Тараздағы түзеу орындарының бірінде орын алған. Адамнан айла артылғанба…Темірдей тәртіп,қатаң қағиданы қатал ұстанатын ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінің ережесін бұзып, заңға томпақ келер әрекетке баратындар азаймай тұр. Ағымдағы жылдың 27 желтоқсан күні келіп түскен жедел ақпарат бойынша мекеменің жедел – режим бөлімінің қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің бақылаушыларының қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында көңілге күпті, күдікті заттар көзге ілінді. Қызметкерлер кіруге тиісті заттарды жіті тінту кезінде 55 дана болатын атауы жоқ белгісіз ақ түсті конфеттер анықталып, оларды ашу барысында қара қоңыр түсті спецификалық иісі бар зат тәркіленді. Атаулы сәлемдеме Тараз қаласы, Құмшағал ауылы, Үшқоңыр көшесі, 38/2 үйде тұратын, бұрын сотты болмаған 1966 ж.т. азамат Н.Е.Р.-дан ҚР ҚК 188б., 3т., бойынша сотталған Н.Ж.Д.-ге жолданыпты. Тәркіленген затты анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалып, маман қорытындысы бойынша тәркіленген зат 68,83граммды құрайтын «гашиш» есірткі заты анықталды.
Осы факт бойынша Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің 1-полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, қылмыстық іс қозғалды, азамат Н.Е.Р. ары қарай тиісті жазаға тартылу үшін ұсталып табысталды.
ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ
жауапты қызметкері