Қоғам – үлкен үй. Бұл үйдің төрінде де, есігінде де әрбір адамға орын бар. Бірақ сол орынды әділ бөлісу – әр қоғамның рухани жетілу дәрежесінің өлшемі. Бүгінгі күнде елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен қажеттіліктеріне баса назар аударылып келеді. Соның жарқын көрінісі – Арыс қаласындағы «Тең қоғам» орталығы.
