18 Апр 2026, Сб

ТАСБӨГЕТ — ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА

2025 жылы Тасбөгет кентінде әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар нақты жұмыстар атқарылды. Кент бюджеті 515,8 миллион теңгеге бекітіліп, толық игерілді. Ал салық түсімдері жоспардан асып, 184 миллион теңгеден асты. Кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде 64 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз жобаларын іске асырып, 157 миллион теңгеден астам қаржы алды.