11 Май 2026, Пн

ТАРАЗ КӨШЕЛЕРІНДЕ ӘСКЕРИ СПОРТ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты іс-шаралар жалғасуда. Бұл жолы әскери қызметшілер мерейтойды 10 шақырымдық жаппай жүгіру жарысымен атап өтті. Оған түрлі күштік құрылымдардың өкілдері қатысты.