20 Апр 2026, Пн

ТАРАЗДА БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Тараз қаласында бас шыршаның шамын жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Аталған іс-шара қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, сондай-ақ, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Дүниежүзілік гимназиада ойындарында бокстан алтын медаль иегері, мектеп оқушылары мен студенттер арасында әлем чемпионы, Қазақстан құрама командасының капитаны, Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Арсен Жолдығұл қатысты.