Соңғы күндері Тараз көшелерінің бойында пайда болған ұзын-сонар кезек көлік жүргізушілерін шаршатып отыр. Газ құю бекеттерінің алды – қазандай қайнап жатқан халық. Жүргізушілердің айтуынша, сұйытылған газ жетіспеушілігі – түптің түбінде басқару мен жоспарлаудың кемшілігіне барып тіреледі. Бірінің жүйкеcі, бірінің табысы, енді бірінің күнделікті несібесі осы газға қарап тұрғаны анық.

