Таразда жекеменшік балабақша иелері мен облыстық Білім басқармасы арасында дау туындады. Оған мемлекеттік органның мемлекеттік білім беру тапсырысының лимитін біржақты қысқартуынан болған. Соның салдарынан 65 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қиын жағдайға тап болды. Кәсіпкерлер бұл шешім бизнес пен ата-аналардың құқықтарын шектейді деп есептейді. Даулы мәселе Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы кеңестерінің бірлескен отырысында талқыланды.

