28 Июл 2026, Вт

СӘН МЕН ДӘСТҮРДІ ҰШТАСТЫРҒАН ШЕБЕР

Қазақтың рухани құндылықтары – ұлттың болмысын айқындайтын асыл мұра. Салт-дәстүр мен ұлттық қолөнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – әр қазақтың парызы. Осы жолда ұлттық өнерді ұлықтап, қазақы нақышты бүгінгі күннің сәнімен үйлестіріп жүрген жандардың бірі – Меркі ауданының тұрғыны, кәсіпкер Гүлнар Лебаева. Ол ұлттық қолөнерді табыс көзіне ғана емес, халқымыздың рухани мұрасын насихаттайтын өнегелі іске айналдырып келеді.