15 Ноя 2026, Вс

«СҰЛУТӨР» АЛАБЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Тараз қаласының аумағы кеңейіп, құрамына 14 елді мекен қосылған болатын. Осыған орай тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында кітапханалар жүйесі де толығып жатыр. Бүгін Сұлутөр алабында заманауи талаптарға сай жаңа кітапхана ғимараты пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының кітап оқу мәдиниетін дамыту жөніндегі Жарлығы аясында бой көтерген нысан ел игілігіне айналмақ.