Тағзым алаңында сыр өңірінің жастарын әскер қатарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті. Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында іріктелген бозбалалар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Бұл – жігіттікке бастар жол, азаматтықтан – жауапкершілікке қадам басқан маңызды сәт.

