Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясында оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу және оның зардаптарын жою бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуын қамтамасыз етуді басты назарға қойған. Бұл жұмыстар құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста әрі заң талаптары негізінде іске асырылуда.

