25 Окт 2025, Сб

САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың төрағалығымен экономикалық саясаттың өзекті бағыттары мен Салық кодексінің жаңа нормаларын түсіндіруге арналған мәжіліс өтті. Жиынға облыстық және қалалық мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіпкерлер, салық саласының мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.