Таразға белгілі қазақстандық актер, «Рэкетир» фильмінің жұлдызы Саят Исембаев келді. Әртіс «Әкелер және балалар» деп аталатын жаңа сериалдың түсірілім жұмыстарына қатысады. Оны «Әулие-Ата» әуежайында «Код 44» киностудиясының өкілдері қарсы алды. Актер сомдайтын рөл оның шығармашылық жолындағы ең ерекше және күрделі рөлдердің бірі болады деп күтілуде. Жаңа сериалда ол киллер бейнесін сомдайтын болады. Толығырақ алдағы сюжетте.

