20 Апр 2026, Пн

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА ЖҰМЫС ҰСЫНЫЛДЫ

Тараз қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен түзеу мекемелерінен босап шыққан тұлғаларды жұмыспен қамтуға бағытталған арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны қалалық мансап орталығы мен әкімдіктің Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.