28 Июл 2026, Вт

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ

Жамбыл облысында Орталық Азиядағы баламасы жоқ ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды. Сарысу ауданында қуаттылығы 1 гигаватты құрайтын ең ірі жел электр станциясы бой көтерді. Халықаралық деңгейдегі бұл бірегей жобаны «Самұрық-Энерго» компаниясы әлемдік көшбасшы «Masdar»-мен бірлесіп қолға алып отыр. Күні кеше болашақ алып нысанның алғашқы капсуласын қалау рәсімі өтті. Толығырақ әріптесім Сабина Орынбек тарқатады.