Жамбыл облысында өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында жүгеріні терең өңдейтін заманауи зауыттың ашылу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысып, жаңа өнеркәсіп паркінің құрылысын бастауға рұқсат берді.
Ақпараттық порталы

