Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен су добынан Азия чемпионатында жүлдегер атанған спортшылармен кездесіп, оларға құрмет көрсетті. Кездесуге ҚР су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сондай-ақ су добынан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының жаттықтырушылары қатысты.

