6 Июн 2025, Пт

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Сарыағаш ауданында әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Мамандар атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға тағайындалатынын айтады. Қазір ауданда мыңға жуық отбасы атаулы көмекті алып отыр.