Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен тағылымы мол кездесу өтті. Шараға Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, әділет полковнигі Сәкен Ермекбаев және прокуратура саласының ардагерлері — Ерлан Сатыбалдиев, Хамит Сыдықов пен Құлымбет Әбдіқұлов қатысты. Кездесу жалпыреспубликалық «Прокурордың сарбазға кеңесі» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Ақпараттық порталы

