Тараз төрінде Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде атап өтілді. Тұңғыш Президент саябағында өткен «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты мерекелік іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты. Бұл күн — барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздігіміздің айбынын асырып, ұлттық мақтаныш пен отансүйгіштік сезімді еселейтін ерекше мереке. Ал Отан қорғау жолында жүрген әскери қызметшілер үшін бұл күннің орны тіптен бөлек, олар үшін бұл — ерекше мақтаныш пен зор жауапкершілік символы.

