15 Ноя 2026, Вс

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп асханаларының дайындығы тексерілді. Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары білім беру нысандарына барып, асханалардағы тазалықты, азық-түліктің сақталуын және тағам дайындау талаптарының орындалуын бақылауға алды.