Мекеме қызметкерлері ауған соғысы ардагеріне құрмет көрсетті
1 min readБүгініңді бүлдіріп қана қоймай, болашағыңа да балта шабатын 10жылға созылған бұл соғыстың аяқталғанына да 33 жыл болыпты. Дәл осы күні, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен щыққан күні.
Ардагер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі, ізбасарлары болып қала бермек. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ғ.Б. Тлепов және кадр саясаты тобының бас маманы әділет майоры Ғ.Т. Құлымбетовтың бастамасымен Ауған соғысының ардагері Сағынбайұлы Асылбектің шаңырағына арнайы барды. Кездесуде ҚАЖ қызметкерлері ардагерге құрмет көрсетіп, жүрекжарды ыстық лебіздерін жеткізіп, соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету ардайым біздің қасиетті парызымыз деп шын жүректен ризашылықтарын білдірді.
Бұл күн-көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген түбіт иек бауырларымызды да еске алар күн!
Әрине, базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана шығар, ал біз үшін-тарихи күн! Тағдырлы күн!
Тәуелсіз елімізде татулық пен бірлік болсын.
ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ жауапты қызметкері