28 Июл 2026, Вт

МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Меркі ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Егін мен мал шаруашылығын қатар дамытқан өңірде қысқы азық қорын толық қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылған. Аудан айналысы бойынша бұл бағыттағы іс-шаралар бекітілген жоспарға сай атқарылуда.