20 Апр 2026, Пн

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Жамбыл облысының көлік инфрақұрылымы ауқымды жаңғыртудың алдында тұр. Бүгін Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Жанібек Тайжанов өңір тұрғындарымен кездесіп, ұлттық маңызы бар басты жобалардың орындалу барысы туралы есеп берді. Мақсат – халықты толғандырып отырған мәселелерді тиімді шешу және тасымал сапасын арттыру.