15 Ноя 2026, Вс

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

Жамбыл облысында көлеңкелі экономиканың үлесін азайту және кәсіпкерлік қызметті заңдастыру бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерді салық тәртібін сақтауға, ал тұтынушыларды сауда кезінде фискалдық чек талап етуге шақырады. Бұл – бизнестің ашықтығын қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі.