Тараз шаһарында жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бақылау күшейді. Қалалық прокуратура, полиция және білім бөлімінің мамандары бірлесіп, күнделікті рейдтік шараларды дәстүрге айналдырған. Нәтиже де жоқ емес. Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша, шаһарда кәмелетке толмағандар арасындағы суицид көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Жасөспірімдердің өмірге деген құштарлығын арттырып, қауіп-қатердің алдын алуда қандай жүйелі жұмыстар атқарылды?
Ақпараттық порталы

