20 Апр 2026, Пн

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін жаңа Конституциялық реформаның басымдықтары мен заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге арналған маңызды жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлінің төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.