Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылдық округінде ұстаздар қауымы баскетбол алаңында бас қосып, ерекше мерекелік көңіл күйде ашық кубок үшін сынға түсті.Бұл дода — Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы мен Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған маңызды спорттық шара. Жарыстың ашылу салтанатына қала тұрғындары, білім беру саласының өкілдері мен спорт сүйер қауым қатысты.
