15 Ноя 2026, Вс

ИЛЬЯ ЖАҚАНОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Жамбыл облысында Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті композитор әрі жазушы Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Айтулы күнге арналған мерекелік іс-шаралар концертпен қорытындыланды. Кеш қазақ руханиятының, мәдениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлғаның шығармашылық мұрасына арналды.