Қызылордада Заң мен тәртіп дамудың және әділеттіліктің кепілі тақырыбында форум өтті. Форумға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысы Ерлеген Мендалиев, «AMANAT» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев, Полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров, Қорқыт Ата атындағы университеттің комплаенс офицері Әлібек Жаппасбаев, сондай-ақ БАҚ өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, жастар мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

