20 Апр 2026, Пн

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру қажеттігін атап өткен болатын. Осы бағытта Қызылорда қаласында «Жастар. Тәртіп. Құндылық.» атты кездесу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты жастар арасында тәртіптің, жауапкершіліктің және адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру, олардың қоғам алдындағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік белсенділігі мен сана-сезімін арттыруға ықпал ету.