9 Май 2026, Сб

ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Бүгінгі таңда қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі – заңға деген құрмет және әр азаматтың жоғары құқықтық мәдениеті. Осы мақсатта Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» атты адалдық сағатын ұйымдастырды. Бұл мазмұнды іс-шараға құқық қорғау саласының білікті мамандары, тәжірибелі психологтар және колледж білімгерлері қатысты. Басты мақсат – жастарға заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіндіру және олардың бойында құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру.