Түркістан облысы, Отырар ауданында бүгінде 150-ге жуық зағип жан есепте тұр. Солардың жетпісі — аудандық зағиптар қоғамының белсенді мүшелері. Олар қоғамнан шет қалмай, еңбек етіп, өз ісін дөңгелетіп отырған жандар. Соның бірі – әлеуметтік кәсіпкер Пәленше Пәленшеев. Ол мемлекеттік грант ұтып алып, түйе шаруашылығын жолға қойған. Ендігі мақсаты – Арыстан баб кесенесіне келетін туристерге түйе арқылы қызмет көрсетіп, қазақтың дәстүрлі мәдениетін дәріптеу.
