20 Июн 2026, Сб

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Тараз қаласындағы №66 орта мектепте «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №1 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті. Басқосуда ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасалды. №1 аумақтық округ облыс орталығындағы ең ірі әрі халық тығыз орналасқан аумақтардың бірі. Мұнда 103 мыңнан астам тұрғын тұрады. Аумақ құрамына «Алатау», «Талас», «Бәйтерек», «Арай-2» шағынаудандары және Тайвань, Көктем, Арай, Әуежай тұрғын алқаптары кіреді.