Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласына екі жылжымалы медициналық кешен табысталды. Тараздағы Облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында өткен шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева және медицина саласының өкілдері қатысты.Құны 1 миллиард 100 миллион теңгеден асатын арнайы көліктер шалғай елді мекендердегі тұрғындарға медициналық қызметті жақындатуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық порталы

