Соңғы күндері жедел респираторлық вирустық инфекциялардың жағдайы өсіп, медициналық ұйымдарға жүктеме артты. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты бақылауда екенін мәлімдеп, үш кезеңді әрекет жоспарының бекітілгенін хабарлайды. Сондай-ақ, өңір тұрғындарынан алдымен емханаларға жүгіну және алдын алу шараларын қатаң сақтау сұралады.

