.Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау дәстүрге айналды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп, аймақтың әр түкпірінен келген азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Білім, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу және инфрақұрылым салаларындағы өзекті мәселелер ашық айтылды.
