Тараз төрінде ерекше серпін! Жамбыл облысында жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған ауқымды «LIVE-концерт» өтті. «Тараз-Арена» спорт кешеніне жиналған 4 мыңға жуық тұрғын мен белсенді жастар ел болашағы үшін біртұтас екендіктерін көрсетті. Саяси науқанның маңыздылығын өнермен өрнектеген кештің басты мақсаты — халықты 15 наурызда өтетін референдумға біркісідей қатысуға шақыру болды.

