20 Апр 2026, Пн

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАСТАРҒА ТЕҢДЕССІЗ МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Әбутәліп Мүтәлі, өңірлік Жалпыұлттық коалиция мүшесі Гулам Умаров және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Дауыл Бейсенқұлов Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті мен «Парасат» жоғары колледжі ұстаздары мен студенттерімен кездесті. Жиында Жаңа Конституция аясында ашық пікір алмасып, ел болашағына қатысты маңызды ой бөлісті.