23 Ноя 2026, Пн

ЖАС ШЕБЕРЛЕР САЗ БАЛШЫҚТЫ МҮСІНДЕЙДІ

Түркістанда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған үйірмелердің қатары артып келеді. Соның бірі – керамика және мүсін өнері. Мұнда оқушылар саз балшықпен жұмыс істеуді үйреніп, түрлі бұйымдар мен мүсіндер жасайды. Шығармашылық сабақтар жас шеберлердің қиялын дамытып, қолөнерге деген қызығушылығын арттыруда.