21 Апр 2026, Вт

ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Бүгін №32 «Ботақан» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беруге арналған ауқымды облыстық семинар өтті. Іс-шара Облыстық білім басқармасы Оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен аймақтағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарының басын қосты.